Kyzylorda-news.kz.  10-12 шілде аралығында Түркістан қаласында өткен Халықаралық еуразиялық білім кәсіподақтарының бірлестігінің «Қазақстан – түркі әлемінің қарашаңырағы» атты XV форумы қатысушылары Қызылорда облысында болды.

Шетелдік әріптестерді Сыр өңірінде облыстық кәсіподақтар орталығы төрағасы Мақсұт Нәлібаев, білім және ғылым қызметкерлері салалық кәсіподағы облыстық ұйымы төрағасы Гүлнар Есқалиева қарсы алды.

«Еуразия білім кәсіподақтары бірлестігінің форумы қатысушыларын Қазақстанның алғашқы тарихи астанасы Қызылорда қаласында қарсы алғанымызға қуаныштымыз. Сыр еліне қош келдіңіздер! Халықаралық әріптестікті нығайтудағы, Форум жұмысы барысында қабылданған шешімдер мен бірлескен жобаларды іске асыруда баршаңызға сәттіліктер тілейміз» деп тілектестік білдірді кездесуде өңірдің кәсіподақтар бірлестігі төрағасы М.Нәлібаев.

Түрлі елдерден келген кәсіподақ белсенділері әріптестерімен Қармақшы ауданында орналасқан «Қорқыт ата» мемориалды кешенімен, Қызылорда өлкетану тарихи мұражайымен танысты. Сонымен қатар салалық кәсіподақ төрағасы Айгүл Мұқашева бастаған форум қатысушылары Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті жұмысымен танысып, ұжым басшыларымен пікір алмасты.

359356174_3523042308012482_8785091106191916975_n.jpg

Тағы да оқыңыз: