Kyzylorda-news.kz. Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының Этножурналистика саласындағы «Шаңырақ» республикалық шығармашылық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Байқауда қызылордалық журналист Нұрлан Жақыпбек марапатталды, Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясының баспасөз қызметі хабарлады.
Байқаудың мақсаты – дарынды журналистерді анықтап, олардың қоғамдық келісім мен бірлікті нығайтуға және қазақстандық этножурналистика саласын дамытуға қосқан үлесі үшін ынталандыру.
Байқау барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін жариялап, беделін арттыратын, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясатты кеңінен насихаттайтын, мемлекеттік тілдің қызмет аясын кеңейтуге және жас ұрпақты қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуге бағытталған үздік авторлар іріктелді.
Салтанатты шарада республикалық «Хабар 24» телеарнасының Қызылордадағы меншікті тілшісі, Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының жанындағы Журналистер мен сарапшылар клубының мүшесі Жақыпбеков Нұрлан Жаңақұлұлы жүлделі II орынды иеленді. Мәртебелі марапатыңыз құтты болсын! Биік белестерге жете беріңіз!


