Kyzylorda-news.kz Қармақшы ауданындағы Руханият орталығында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ғылыми-сарапшылық топ мүшелері, аудандық қоғам өкілдері мен жастардың қатысуымен кездесу өтті.
Шараға Ғылыми-сарапшылық топ мүшелері Бақытжан Ахметбек пен Бауыржан Үсенбаев, аудандық Ақсақалдар кеңесі, Аналар кеңесі мен жастар ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ облыстық қоғамдық даму басқармасының бас маманы Д. Дүйсембеков қатысты.
Басқосу барысында Бақытжан Ахметбек Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайтудағы рөліне тоқталып, этносаралық татулықтың ел тұрақтылығының басты тірегі екенін атап өтті.
Ал саясаттанушы Бауыржан Үсенбаев этностар арасындағы өзара құрмет пен түсіністік мәдениетін дамыту қажеттігін айтып, кемсітушілікке жол бермеудің маңызына назар аударды.
Кездесу соңында қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, еліміздегі бейбітшілік пен келісім саясатын одан әрі ілгерілету жолдарын талқылады.