Ескі көліктерді утилизацияға қабылдау тоқтатылды – Kyzylorda News
Басты бет

Ескі көліктерді утилизацияға қабылдау тоқтатылды

01.12.2021, 14:00

346 0

Kyzylorda-news.kz. Бүгіннен бастап ескі көліктерді утилизацияға қабылдау уақытша тоқтатылды. Бұл туралы ӨКМ операторы сайтында жарияланды.

Жыл соңына дейін мамандар қабылданған көліктер мен техниканы жоспарлы түгендеу жұмысын жүргізеді. 

Қазақстандықтар биыл ескі көліктерді қабылдау бағдарламасы аясында 50 005 көлікті жоюға тапсырды.

Оның 37 495-і жеңіл көлік, жолаушы тасымалдайтын 4 040 және 8470 жүк көлігі. Ауылшарушылығы техникасы бойынша бүгінгі таңда 3054 техника өткізіліп отыр. Оның 2 226-сы трактор, 828 комбайн. Ал ауылшаруашығы техникасы жыл соңына дейін қабылдана береді.

Атап айтқанда 254 трактор, 72 комбайн электронды кезекке сай өтінімді растау кезеңінде тұр.

Жеңіл, жолаушы және жүк көліктерін қабылдау келер жылға дейін тоқтатылады. Ескі көлікті жоюға қабылдаудың 2022 жылдағы бағдарламасы қаңтар айында іске қосылады деп жоспарланып отыр.

Көлікті утилизациялау: Кім төлейді?

2016 жылдың 1 қаңтарынан бері Қазақстанда өндірушілер (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері өзгерді.

Утилизациялық алымды автоөндірушілер, ресми импорттаушылар және Қазақстанға көлік кіргізгісі келетін жеке тұлғалар төлейді.

Алым техниканы есепке қойғанға дейін төленеді.

0

Пікір қалдыру