«Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ тарапынан жарияланған байқауға»
Kyzylorda-news.kz. Ғажайып деген не өзі? Құлаққа жағымды естіліп, жағымды жайдарлы көз алдыңа елестететін осы сөзбен ғұмырымызды байланыстыру соншалықты қиын ба?
Төрткүл дүниені шарлап, уақытты тырнағымен қармап тұрған есірткінің әлегі аз болмай тұр. Есейгеннің балағына жармасып, жас желектің жағасынан алып, жанға маза бермей тұрған жайы бар. Жас талғамай адам бойын улайтын «Ғасыр қасіретінің» ауыздықталар күні болар ма екен...
Мен және менің достарым қоғамға пайдамызды тигізу мақсатында, шалыс қадам жасамаудың алдын-алып, білгенімізді насихаттап, дұрыс таңдау жасай білуге шақырамыз. Ол үшін қазіргі кездегі түрлі зиянды заттарды қолданып көруден бас тартып, ерік-жігерге мықты болуға үндейміз. Әрине мұның қатарына ата-анадан тәлім алып, ұстаздан өнеге және жақсы ортаны өзіңе-өзің туындата білу деген жатыр. Жоғарыда сөз қылған ғажап дегеніміз осы емес пе. Әр күніміз босқа өтпей, алға қойған мақсатымызға қол жеткізуге жетелесе, болашағымыздың бағдаршамын дұрыс жаққанымыз болып табылмақ. Демек, өмірді ғажайып ету өз қолымызда екен. Болашағы айқын, жігері асқақ, жолы анық ұрпақ қалыптасуы үшін түзу жолды таңдап, кемелдікке қадам басайық!
Нұрай АМАНДЫҚ,
№176 орта мектебі
#есірткігеқарсыбайқауы
