Kyzylorda-news.kz Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы ұйымдастырған бұқаралық ақпарат құралдарында «Есірткісіз болашақ: қоғам үні» тақырыбында мақала жазу және жариялау байқауының қорытындысы шығарылды.
Байқаудың негізгі мақсаты – есірткі мәселесіне қоғам назарын аудару, есірткіге деген теріс көзқарасты қалыптастыру, жастардың азаматтық белсенділігін арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау.
Байқауға мектеп оқушылары мен жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.
Қатысушыларға есірткісіз өмір, жеке жауапкершілік және салауатты болашақты саналы түрде таңдау тақырыптарын қамтитын авторлық мақалалар дайындап, оларды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау ұсынылды.
Байқау қорытындысын шығару барысында тақырыптың өзектілігі мен мазмұнының ашылуы, авторлық көзқарастың болуы, сауатты баяндалуы және мақаланың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялану фактісі ескерілді.
Байқау нәтижесі бойынша І орын иегерлері атанғандар: Айсұлу Әлімжанқызы (Қызылорда қаласы, №295 орта мектеп), Мұхаммедсафа Сабитов (Қармақшы ауданы, №272 орта мектеп), Ұлан Серікханұлы (Қазалы ауданы, №266 мектеп-лицей) және Шахназ Серікбай (Арал қаласы, №292 орта мектеп).
ІІ орын иегерлері: Сәлима Кәрібай (Қармақшы ауданы, №28 орта мектеп), Мәди Райымбеков (Қармақшы ауданы, №111 орта мектеп) және Талшын Балтабаева (Шиелі ауданы, №45 мектеп-гимназия).
ІІІ орын иегерлері: Азиза Асылбекова (Қармақшы ауданы, №272 орта мектеп), Ұлпан Әмзе (Қармақшы ауданы, №111 орта мектеп), Кәусар Бақытбекқызы (Қармақшы ауданы, №185 орта мектеп), Інжу Алмабек (Жалағаш ауданы, №246 орта мектеп) және Аружан Өмірбай (Қызылорда қаласы, №217 мектеп-лицей).
Осындай байқаулар жастардың шығармашылық әлеуетін дамытуға, азаматтық ұстанымын қалыптастыруға және қоғам назарын нашақорлықтың алдын алу мәселелеріне аударуға ықпал етеді.
Байқаудың басты үндеуі – есірткісіз болашақ әр адамның саналы таңдауынан басталады!
Сурет: УПН
