Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағановтың төрағалығымен нашақорлыққа және есірткі қылмысына қарсы іс-қимылға бағытталған қызметті үйлестіру жөніндегі облыстық штаб отырысы өтті.

Аталған штаб отырысында екі мәселе каралды. Атап айтар болсақ, ең алдымен облыс аумағында есірткі құралдарын тарату деректерін анықтау мен жолын кесу бағытындағы жұмыстар. Сондай-ақ нашақорлыққа қарсы күрес бойынша денсаулық сақтау саласында атқарылған жұмыстар айтылды.

Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Пазыловтың айтуынша, есірткі және нашақорлықтың алдын-алу бағытында жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп келеді.

Сондай-ақ, штаб отырысында облыстық полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығының орынбасары Ардақ Дөненов тақырыпқа қатысты ой-пікірін білдірді.

Қорытындылай келе, облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Аманұлы алдағы уақытта нашақорлыққа және есірткі қылмысына қарсы іс-қимылға бағытталған жұмыстар барысын тағы да нақтылап, аталған мақсатта қолға алынатын іс-шаралар жоспарын бекіту керектігін айтты.

Безымянный.jpg

Тағы да оқыңыз: