Kyzylorda-news.kz Қызылорда облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен аймақ жастары арасында нашақорлықтың алдын алу, зиянды әдеттерден алшақ болуға үндеу және салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау мақсатында «Есірткіге қарсы – Әзіл» атты облыстық «Jaіdarman» жастар фестивалі өтті.

Шараға жоғары оқу орындарының студенттері, колледж және мектеп оқушылары қатысып, әзіл арқылы қоғамдағы өзекті мәселеге назар аударды. Командалар үш кезең бойынша бақ сынады:

  • «Сәлемдесу»;
  • «Сұрақ-жауап»;
  • Есірткіге қарсы арнайы тақырыптық бөлім.

Жайдарман 4.webp

Фестиваль жастардың креативті ойлауын дамытып, әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға бағытталды. Бағалау үдерісі арнайы құрылған әділқазылар алқасының сараптауымен жүргізілді. 

Құрамында:

  • ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қызылорда облысы бойынша департамент бастығы Асхат Абилдаев;
  • Департамент бастығының орынбасары Фархат Иманғалиев;
  • Азаматтық қоғам институттарымен жұмыс және жастар бөлімінің басшысы Ернұр Бихожаев;
  • Ардагер жайдарманшы, «Қорқыт» құрамасының ойыншысы Асылхан Дүкенбаев;
  • КВН Одағы РЖҚБ Қызылорда филиалының директоры Нұрлан Сипанов бар.

Жайдарман 3.webp

Фестиваль қорытындысы бойынша жүлдегерлер анықталды:

  • III орын — BRAND командасы (еркін құрама), 100 000 теңге;
  • II орын — AMG командасы (Айым өнер мектебі), 150 000 теңге;
  • Үздік ойыншылар — Бағымжан мен Әмина;I орын — «Матриархат» командасы (Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті), 200 000 теңге.

Жастардың әзіл арқылы салмақты мәселеге ой салған бұл шарасы тәрбиелік мәнімен ерекшеленіп, қатысушылар мен көрермендерге жағымды әсер қалдырды.

Тағы да оқыңыз: