Kyzylorda-news.kz.  Қызылорда қаласында орналасқан білім ордаларының студенттік жатақханаларында есірткі қолданып, таратуға бейім жастарды анықтау мақсатында рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылды.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен ювеналды полиция қызметкерлері бірлесіп, М.Маметова атындағы Қызылорда жоғары гуманитарлық және И.Әбдікаримов атындағы Қызылорда аграрлық  техникалық жоғары колледждерінің жатақханаларында рейдттік іс-шаралар ұйымдастырып, студенттер қауымымен кездесті.  Оларға  есірткі заттары, оларды тарату жайлы ақпарат беріп, сақ болуға шақырды.

Қатысушыларға ақпарат парақтары, Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ-ның және ортақ анонимді жедел қызметінің «Сенім» телефондары көрсетілген флаерлер таратылды.

Алдағы уақытта облыс орталығындағы жатақханалардың барлығында мұндай іс –шаралар өткізілмек.

e1840c0a-93b8-412e-acaa-e754140088e8.jpg

Тағы да оқыңыз: