Kyzylorda-news.kz. «Спайс» пен «мефедронның» 1 грамы үшін де қылмыстық жауапкершілік енгізілді. Бұрын қылмыстық іс 50 грамнан ғана басталатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ішкі істер министрлігінің ақпарат алаңында өткен брифингте Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма бастығы Берікхан Нұрғалиев есірткі саудасына қатысты қылмыстардың жазасы қалай қатаңдатылғанын баяндады.

«Жақында ғана синтетикалық есірткінің тағы 11, прекурсор 17 жаңа түрінің айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілген Үкіметтің қаулысы күшіне енеді. Сондай-ақ, «пиралерон» (жылдамдық), мефедрон (меф) және синтетикалық каннабиноидтың (спайс) заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік күшейтілді. Бұрын қылмыстық іс қозғау үшін тәркіленген есірткі заттың мөлшері 50 грамм болуы керек болса, енді бір грамнан басталатын болды. Маусым айында Үкімет адам өмірі мен денсаулығына зияны күшті заттардың тізімін бекітті. Оның қатарына қазақстандық жастар мен жасөспірімдер «эйфория эффектісі» үшін қолднауы мүмкін бірқатар медициналық препарат енгізілді. Қолданыстағы заңнама бойынша медициналық препараттар мен өзге де заттарды қолдану арқылы еліктіргіш притондар ұйымдастыру және ұстау фактісі үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. заңсыз айналымы үшін жауапкершілікті көздейтін заң жобасын әзірлеуге кірістік. Қылмыстық кодекстің 310-бабы осы мәселеге арналған. Сондай-ақ, әсері күшті заттардың контарабандасы бойынша Қылмыстық кодекстің 286-бабы қарастырылған. Қазір Парламентпен және мүдделі мемлекеттік органдармен бірге әсері күшті заттардың заңсыз айналымы үшін жауапкершілікті көздейтін заң жобасын әзірленіп жатыр. Оның ішінде аталмыш заттарды медицинадан тыс пайдалану, сақтау және тарату әрекеттері де қамтылған», – деді Берікхан Нұрғалиев.

Тағы да оқыңыз: