Kyzylorda-news.kz. Қармақшы ауданының тұрғыны есірткі затын заңсыз сақтап, тасымалдағаны үшін аудандық пробация қызметінің есебіне алынды. Оған сот үкімімен 100 сағат қоғамдық жұмысқа тарту жазасы тағайындалған.

Қазір таңда ол жұмыссыз болғандықтан, Жосалы кенті әкімінің өкімімен күніне 8 сағат қоғамдық орындарды абаттандыру, тазалау жұмыстары арқылы жазасын өтеуде.

«Өткен жылы мәжбүрлі еңбекке 15 азамат тартылды. Олар күніне 4 сағаттан  жергілікті әкімдік белгілеген орындарда көгалдандыру, абаттандыру жұмыстарын атқарды. Бүгінде осы бір азамат қоғамдық жұмысқа тартылып, жазасын күніне 8 сағаттан өтеп жатыр. Уақытылы келіп, жұмысын тиянақты орындап жүр», – деді аудандық пробация қызметінің аға инспекторы Жақсыбек Жүнісов.

Тағы да оқыңыз: