Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлерімен «Қарасора-2020» жедел профилактикалық іс шарасы барысында Қармақшы ауданы Төребай би ауылынан 50 шақырымдай жерде  404  түп  сора өсімдігін еккені анықталды.

Жедел тергеу тобының іздестіру шараларының барысында күдікті ретінде  Қызылорда қаласының  58 және 29 жастағы тұрғындары  ұсталды.

Оқиға орнын тексеру барысында 404 түп салмағы  70 келіге жуық  жасыл түсті өзіне тән ерекше иісі бар өсімдіктерді еккендігі анықталды.

Қазіргі таңда күдіктілер Қармақшы АПб-нің уақытша ұстау абақтысына қамалған. 

Бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 300-бабының 2-бөлігінің 3-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Тағы да оқыңыз: