Kyzylorda-news.kz. «Nur Otan» партиясынан аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Маханбет Патима Шаймерденқызы, Рысбаева Ақсамал Сардарбекқызы, Бауыржанұлы Бекзатхан және Үркінбаева Айнұр Шерәліқызы сайлаушылар үйлерінде болды.
Шара барысында Үміткерлер Жуантөбе ауылдық округі Алғабас ауылында болып, еңбек және партия ардагері, 65 жастағы Құлмырза Гаухар Бекмұрзақызы және Шиелі ауданының құрметті азаматы, Біл саласының майталманы. Еңбек ардагері, 75 жастағы Әбдіхамитқызы Айжамал апаларымыздың үйлерінде болып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Үміткерлер сайлаушыларға партияның мақсат-міндеттерін және сайлауалды бағдараманың басым бағыттарын түсіндірді.
Сайлауалды бағдарламаның басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үздіксіз жақсарту үшін жағдай жасау.
Кездесу барысында кандидаттар сайлаушыларға үгіт-насихат материалдарын таратып, алдағы 10 қаңтарда өтетін сайлауға қатысып, дауыс беруге шақырды.
«Nur Otan» партиясының Қызылорда облысы Шиелі ауданының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді.


