Kyzylorda-news.kz. Бүгін  Жалағаш ауданының әкімі Асқарбек Есжанов Есет батыр ауылындағы дәрігерлік амбулаторияның іргетасын қалау рәсіміне қатысты. Ауыл тұрғындары үшін маңызды нысан құрылысын бастауға аудандық мәслихат және қоғамдық кеңес төрағалары, ауыл ақсақалдары мен медицина саласының ардагерлері қатысты.

Ауыл ақсақалы Сақтап Медетов ауыл халқы мен құрметті қонақтарға ақ батасын беріп, ел игілігі жолында еңбек етіп жүрген азаматтардың жұмысына сәттілік тіледі.

«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы аясында салынып жатқан дәрігерлік амбулаторияның құрылысы ү.ж қараша айында аяқталады. Құрылыс аумағы 728,4 шаршы метрді құрайтын нысан 20 төсек орынға арналған.

Биылғы жылы ауданда денсаулық сақтау саласы бойынша республикалық бюджеттен 752,8 млн. теңге бөлініп, Мырзабай ахун және Есет батыр ауылдарында жаңа дәрігерлік амбулаторияның құрылысы басталды.

363982070_1755310344921036_3460129549364203140_n.jpg

Тағы да оқыңыз: