Kyzylorda-news.kz. Бүгінде мемлекет тарапынан қар­жылай қолдау көріп, шаруа­сын дөңгелетіп отырған жас кә­сіп­керлер қатары артып келеді. Міне, осындай жас кәсіпкерлердің қа­тарында Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің пробация қызметінің  есебінде тұратын азаматтар да бар.

 Пробация қызметіне басшылық жасау тобының бас маманы әділет майоры Ө.Сейдахметовтің айтуынша 2021 жылдың 6 айында пробация есебіндегі 10 қызылордалық жеке кәсібін ашқан. Олар жеке кәсіп ашу үшін өтініш білдірген. Пробация инспекторлары одан әрі олармен жұмыс жасап, қажетті құжаттарды тиісті органға өткізген. Соның нәтижесінде, бүгінде 10 сотталған  «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының «Бастау Бизнес» жобасы бойынша бір айлық «кәсіпкерлік негіздері» курсын аяқтап, сертификат алып, жаңадан бастаған кәсіпті қолдау мақсатындағы Нәтижелі жұмыспен қам­туды және жаппай кәсіпкерлікті да­мы­ту­дың 2017-2021 жылдарға ар­налған мемлекеттік бағдарламасы аясында 583 400 теңге қайтарымсыз грант ұтып алды.

«Қазіргі таңда тағы жеке кәсіп ашуға бет бұрған 14есептегі азамат «кәсіпкерлік негіздері» бір айлық курсын оқып жатыр. Бітірген азаматтарға курсты аяқтағаны туралы сертификат табысталады. Одан соң ол азаматтар өз бизнес-жоспарларын комиссияға ұсынып, қолдаған жағдайда мемлекеттен грант алуға мүмкіндігі бар», – дейді Ө.Сейдахметов.  

Он кәсіпкер де  жеке кәсібін ашты. Екеуі тауық өсірумен айналысып жатса, қал­ған алтауы мал басын көбейтіп отыр,есептегі әйел азаматша ағылшын тілін үйрету орталығын ашса, енді бірі баспахана ашып, жеке кәсібін дөңгелетіп отыр.

«Дана жұртымызда «Мал баққанға бітеді» деген аталы сөз бар. Кәсіп қыламын, мал бағамын деуші жандарға мемлекет тарапынан да үлкен қолдау көрсетілуде. Елімізде мұндай мүмкіндіктердің барына дән ризамыз. Мал басын көбейтіп жатырмын. Ерінбей еңбек еткен жанға Алла несібесін молынан береді, – дейді есептегі азамат.

Тағы да оқыңыз: