Kyzylorda-news.kz Астана қаласында ағымдағы жылдың 28 қараша күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының Қазақстан бойынша ауыл әкімдерімен өткізілген маңызы зор республикалық диалог-платформасы форумына қатыстым.

Аталған шара барысында Мемлекет басшысы ауылдың әкімі ауылдың болмысын, ауылдағы ағайынның өмірін жете түсінетін нағыз іскер маман болу керектігін көрсете отырып, ауылдық елді мекендердің жағдайы еліміз үшін маңызы бар екенін және болашақта елдің тұрақты дамуындағы стратегиялық үлесі барын ерекше атап өтті.

Сонымен қатар, жиын барысында жекелеген ауыл әкімдерінің ұсыныс-пікірлерін қабыл алған Мемлекет басшысы, барлық айтылған пікірлердің міндетті түрде мұқият зерделеніп, алдағы уақыттағы жұмыс барысында ескерілетінін баса жеткізді.

Бұған қоса, Мемлекет басшысы жалпы үкімет ауыл экономикасын жандандыру үшін нақты ұсыныстар әзірлеу қажеттігін атап көрсетті.

Кездесу барысында әр өңірден келген әріптестерімізбен яғни, ауыл әкімдерімен кездесіп, тәжірибе бөлістік.

Ауылдың дамуы – елдің дамуы. Әрбір шешім, әрбір нәтиже – мемлекетіміздің болашағына қосылған үлес. 

Еркін Ахетов, 

Қызылорда қаласы, 

Қарауылтөбе ауылдық округінің әкімі 

Тағы да оқыңыз: