Kyzylorda-news.kz “AMANAT” партиясының “Кедергісіз келешек” жобасы аясында Арал ауданында қала аумағындағы әлеуметтік және қоғамдық нысандардың қолжетімділігіне мониторинг жүргізілді.
Мониторинг тобы пандустардың техникалық талаптарға сәйкестігін, биіктік деңгейін, қауіпсіздік тұтқаларының орнатылуын және кіру-шығу алаңдарының жағдайын тексерді.
Тексеру нәтижесінде бірқатар нысандарда талаптарға сай инфрақұрылым орнатылғаны анықталды. Сонымен қатар, кей мекемелерде стандартқа сәйкес келмейтін пандустар, бағыттаушы белгілердің және қауіпсіздік элементтерінің жеткіліксіздігі тіркелді.
Анықталған кемшіліктер бойынша тиісті мекемелерге ескертулер беріліп, оларды жою жөнінде ұсыныстар жолданды. Партия филиалы бұл мәселелердің орындалуын бақылауда ұстайды.
Жоба аясындағы жұмыстар азаматтардың тең қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған және жүйелі түрде жалғасады.
