Kyzylorda-news.kz  Қармақшы ауданы әкімінің тапсырмасына сәйкес аудан әкімінің мүгедектік мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі А.Серкешбаевтың мүгедектігі бар азаматтарды қабылдау кестесіне сәйкес 2026 жылғы 10–15 шілде аралығында ауданның барлық кент, ауылдық округтерінің және Байқоңыр қаласының тұрғындарымен жоспарлы кездесулер өткізілді.

Кездесулердің негізгі мақсаты – мүгедектігі бар азаматтардың әлеуметтік қорғалу деңгейін арттыру, құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың өзекті мәселелерін зерделеу болды.

Іс-шара барысында әлеуметтік қолдау шаралары, медициналық-әлеуметтік сараптама, оңалту техникалық құралдарымен қамтамасыз ету, жұмыспен қамту, инватакси қызметі, инфрақұрылым нысандарының қолжетімділігі және өзге де әлеуметтік мәселелер бойынша жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, тұрғындардың жеке өтініштері мен ұсыныс-пікірлері тыңдалып, көтерілген мәселелер бойынша тиісті түсіндірмелер берілді. Құзырлы мекемелердің қарауын талап ететін ұсыныстар бақылауға алынып, заңнама талаптарына сәйкес тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.

Мұндай кездесулер ерекше мәртебесі бар азаматтармен тиімді кері байланыс орнатуға, олардың қажеттіліктерін нақты айқындауға және әлеуметтік қолдау тетіктерін жетілдіруге мүмкіндік береді.

FB_IMG_1785215145438.jpg

Тағы да оқыңыз: