Kyzylorda-news.kz «АMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалы жанындағы Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі облыстын тәртібінде ерекше қажеттіліктері бар адамдардың өмір сүру сапасын арттыру, медициналық қызметтің қолжетімділігін қамтамасыз ету және тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

Отырысқа партияның облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова, мемлекеттік органдардың өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар, қоғам белсенділері мен партия мүшелері қатысты.

Жалпы өңірде халқының саны - 846104 азаматты құраса, халық саны бойынша мүгедектігі бар адамдардың үлестік салмағы - 4,1%. «Ағымдағы жылы 9 айда 1839 алғаш рет мүгедектік тобы тағайындалған. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда көрсеткіш 266 адамға төмендеген. 18 жасқа дейінгі балалар арасында мүгедектік көрсеткіш есепті кезеңде 153 балаға азайған»,- дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының  «Медициналық көмекті ұйымдастыру» бөлімінің басшысы Динара  Сарманова.

Биыл 1 қарашаға берілген ақпарат бойынша облыста әлеуметтік қызметтер  порталы арқылы өңірдегі 33 456 мүгедектігі бар азаматтың  30818-і оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз етіліп, 92,2 пайызбен республика бойынша бірінші орынға орналасқан. Ағымдағы жылы мәдениет, денсаулық сақтау, білім беру, транспорт, жеке сектор, әлеуметтік және спорт саласы бойынша 360 объектілерінің бейімделуі жоспарланып, есепті кезеңге 317 объектіге толық бейімдеу жұмыстары жүргізілген.  Инватакси қызметін жүзеге асыру бойынша өткен жылы 45, ағымдағы жылы 67 автокөліктің қызметіне тиісті қаржы аударылып тұрғындарға қызмет көрсетуде.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Жанар Дәулетбаеваның айтуынша Облыс әкімінің ұсынысымен 2024 жылы «Халық банк» акционерлік қоғамы тарапынан банктің жүз жылдығына арналған «100 игі іс» науқаны аясында Қызылорда және Байқоңыр қалаларына мүгедектігі бар адамдарды тасымалдауға әрқайсысының құны 23,0 млн теңге тұратын арнайы жабдықталған 2 - инватакси көлігі сыйға тартылған.

Сондай-ақ, өткен жылдан бастап, Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету балалар орталығы базасында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрлігінің Әлеуметтік қорғау саласын дамытудың ұлттық ғылыми орталығы мен «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының бастамасымен «Үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы іске қосылып, жұмыс жасауда. Жоба аясында «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры тарапынан 2024 жылы 229,3 млн. теңгеге 83 дана 2025 жылы 53,7 млн. теңгеге 12 дана тренажерлар, барлығы  283 млн. теңгеге 95 дана мүгедектігі бар балаларды оңалту құралдары қамтамасыз етілген. 

Қызылорда облысында халықты қолжетімді баспанамен қамту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Соңғы үш жыл көлемінде облыс бойынша 992 тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, 7 мыңға жуық азамат жаңа баспанаға ие болса оның ішінде 1 және 2 топтағы мүгедектігі бар азаматтар мен мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар да бар. 

Кеңес барысында қатысушылар ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту, оңалту орталықтарының желісін кеңейту және қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету бағыттарында ұсыныстарын  ортаға салды.  Кеңес қорытындысы бойынша бірқатар нақты ұсыныстар әзірленіп, тиісті мемлекеттік органдарға жолданатын болады.

Тағы да оқыңыз: