Kyzylorda-news.kz. «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасында кәсіпкерлермен Қызылорда облысы Полиция департаментінің Көші-қон қызметі басқармасының және ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті қызметкерлерінің қатысуымен шет мемлекеттерден уақытша келген шетел азаматтарын қабылдаушы жеке және заңды тұлғалар «eQonak.kz» ақпараттық жүйесін ІІО хабардар ету үшін түсіндірме жұмыстары бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Шара барысында шет мемлекеттерден уақытша келген шетел азаматтарын қабылдаушы жеке және заңды тұлғалар ҚР Халықтың көші-қоны туралы заңнамасына сәйкес ІІО хабардар етуге міндеттелгені туралы айтылды.

Жалпы жыл басынан облыс аумағына түрлі мақсаттармен келген шетел азаматтары туралы 3400 хабарлама берілген. 

Уақытша және тұрақты тіркелген шетелдіктердің жүріп-тұруын қадағалау және шетел азаматтарын жеңілдетілген түрде тіркеу үшін ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен ҚР Ішкі істер министрлігінің «eQonak.kz» ақпараттық жүйесі қарастырылып, қолданысқа енгізілген.    

«Құрметті кәсіпкерлер мен қонақ үй иелері! Шет мемлекеттерден келген шетел азаматтарын заңда көрсетілген 3 күн мерзімде  «eQonak.kz» және «egov» электронды үкімет порталы ішінде көші-қон визалық порталы ақпараттық жүйесі арқылы қабылдаушы тарап өздерінің электронды цифрлық кілті арқылы ішкі істер органдарын хабардар ету керектігі айтылды. Осы ретте, Көші-қон заңнамасын бұзбай, жоғарыда аталған талаптарды көрсетілген мерзімде орындағандарыңыз абзал. Егер аталған заң талаптарын орындамай уақтылы хабарлама бермеген жағдайда Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 518-бабының талаптарына сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделгендігін хабарлаймыз», - делінген ақпаратта.

336291606_225271603496681_1432319954739252870_n.jpg

Тағы да оқыңыз: