Kyzylorda-news.kz Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялады. «Жұмысшы мамандығының мәртебесін көтеру – қоғамда еңбек адамының қадірін арттыру, оның кәсіби біліктілігін шыңдау, жұмысшы қарым-қабілетін жан-жақты бағалау арқылы жүзеге асатын сан салалы үдеріс» деп атап айтты. 

Осы орайда Жетікөл ауылдық клубының ұйымдастырыуымен еңбек адамдарының құрметіне арналған «Адал адам» мәдени-тәрбие орталығы тұжырымдамасының «Сұхбат-TIME» жобасы аясында «Еңбекпен ер атанған» атты кездесу кеші өтті. 

Жетікөл ауылының өсіп-өркендеу жолында еңбек еткен еңбек адамдарының қатарында  сауыншы, сушы, аспазшы болып қарапайым еңбек еткен ауылдың ақ жаулықты асыл аналарыда болды. 

Іс-шара барысында  Орынкүл Қозбағарова , Қамаш Жақсығұлова, Күлшаһар Оржанова, Сәрсенкүл Байбосынова, Күлпатша Мырзабекова еңбек адамдарымен сәтті сұхбат жүргізіліп, бейнероликтер көрсетілді. Сонымен қатар ауыл өнерпаздары ән шырқап, би биледі.

Сол жылдарда қызмет еткен еңбек адамдарының бойындағы сабырлылық, адалдық, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуідің өзі өмір жолдары өскелең ұрпаққа үлгі өнеге. 

Іс-шара  соңында  кешке қатысқан  қатысушыларға ауыл әкімінің арнайы алғыс хаты табысталды.

Тағы да оқыңыз: