Kyzylorda-news.kz. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен жыл сайын үздік еңбек әулеттері мен өндірістің үздік жұмыскерлерін анықтауға бағытталған «Еңбек жолы» конкурсы өткізіледі.

Биыл республикалық конкурсқа қала бойынша 11 үміткерден өтінім түсіп, өңірлік кезеңінде «Өндірістің үздік жас маманы» номинациясы бойынша «Новомет-Қазақстан» ЖШС-ң инженер-технологы Сұлтан Ержан Серікұлы жеңімпаз атанды.

Сонымен қатар, «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациясы бойынша №9 мектеп-лицейінің мұғалімі Ембергенова Қалдыгүл Тобашқызы және «Өндірістің үздік жас маманы» номинациясы бойынша №178 орта мектебінің дефектологы Көптілеу Ердаулет Ермұратұлы конкурсқа белсенді қатысқан үшін марапатталды.

Айта кету керек, конкурсқа қатысушылар ұсынған материалдар негізінде конкурс жеңімпаздарын анықтау жөніндегі республикалық және өңірлік комиссиялар мынадай номинациялар бойынша жеңімпаздарды анықтайды.

1) «Үздік еңбек әулеті» - бұл номинацияда ең ұзақ еңбек өтілі, ең көп марапаттары бар әулет таңдалады.

2) «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» - бұл номинацияда кемінде 20 жыл жұмыс өтілі бар ең жоғары тиімді тәлімгер таңдалады.

3) «Өндірістің үздік жас маманы» - бұл номинацияда жұмыс өтілі 5 жылдан аспайтын ең белсенді және еңбекқор өндіріс жұмыскері таңдалады.

317795466_3245298159070253_7144945085428212536_n.jpg

Тағы да оқыңыз: