Kyzylorda-news.kz. Арал ауданында З.Шүкіров атындағы қалалық мәдениет үйінде Еңбек күніне орай «Арал ауданының Мансап орталығы» филиалының ұйымдастыруымен “Мүмкіндіктер алаңы” жобасы аясында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті.

Жәрмеңкені өткізудегі басты мақсат - жұмыссыз азаматтарға жұмыс беруші мекеме өкілдерімен сұхбаттасуға мүмкіндік беру, бос жұмыс орындарын таңдауға жағдай жасау, жариялықты қамтамасыз ету.

Жұмыссыз азаматтарға 16 мекемеден 135 бос жұмыс орындары ұсынылды.

Шараға 100-ге жуық тұрғындар қатысып, жұмыс берушілердегі бос жұмыс орындары бойынша әңгімелесу жұмыстары жүргізілді. Жәрмеңке барысында 13 азаматқа тұрақты жұмысқа, 2 азаматқа жастар тәжірибесімен орналасуға жолдамалар берілді.

Тағы да оқыңыз: