Еңбек министрлігі зейнетақы мөлшері қалай көбейетіндігін түсіндірді – Kyzylorda News
Басты бет

Еңбек министрлігі зейнетақы мөлшері қалай көбейетіндігін түсіндірді

02.04.2020, 16:00

654 1

Kyzylorda-news.kz. Қазақстанда зейнетақы мен мемлекеттік жәрдемақылардың жалпы жылдық өсімі 2019 жылғы деңгейге қарағанда 10 пайызға арттырылады.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, Мемлекет басшысының ағымдағы жылғы 31 наурызда берген тапсырмасы бойынша Еңбек министрлік зейнетақы мен мемлекеттік жәрдемақыларды, оның ішінде атаулы әлеуметтік көмекті жыл сайынғы 10 пайызға индексациялайтын болады.

«Бұл зейнетақы мен мемлекеттік жәрдемақылардың жалпы жылдық өсімі 2019 жылғы деңгейге қарағанда 10 пайызға артатынын білдіреді. 2020 жылдың басында 5 пайызға өскенін ескере отырып, арттыру мөлшері 2019 жылғы деңгейге 10 пайыз дейін жеткізіледі. Индексациялау 2020 жылғы 1 сәуірден бастап жүзеге асырылады», – деді министрліктен.