Kyzylorda-news.kz Бүгін Сырдария ауданының әкімі Берік Сәрменбаевтың төрағалығымен Үкімет отырысында қаралған еңбек қауіпсіздігін сақтау және еңбек саласын цифрландыру, туристерге қолайлы жағдай жасау мәселелері бойынша мәжіліс өтті.

– Мекемелерде, еңбек ұжымдарында әлеуметтік шиеленістерді болдырмау бағытында дер кезінде тиісті шаралар қабылдануы тиіс. Жұмысшылардың еңбек құқықтарының бұзылуына жол берілмеуі керек. Бұл қатаң бақылауда болуы қажет, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.

Аудан аумағында жұмыс жасайтын ұйымдарда қызметкерлерді негізсіз қысқартулар мен жалақыға қарыздарын болдырмау мақсатында тұрақты мониторинг жұмыстары жүргізілуде. Аудан бойынша еңбек қарым-қатынастары мәселелері тұрақты бақылауда және әлеуметтік-еңбек заңнамасын бұзу фактілері орын алмаған.

Сондай-ақ, аудан басшысы туризмді дамытуға қатысты нақты тапсырмалар берді.

Ауданда «Керуен» және «Нұрлы жол» сервистік кешендері туристтік нысан ретінде жұмыс жасауда. Туристер аталған нысандардың қызметін пайдалануда. Бұдан бөлек, тарихи-мәдени ескерткіштерге де меймандар көп келеді. Осыған байланысты аудан әкімі қолайлы жағдайлар жасау керектігін атап, тиісті сала басшыларына тапсырма жүктеді.

Сырдария еңбек қауіпсіздігі 2.jpg

Тағы да оқыңыз: