Kyzylorda-news.kz “AMANAT” партия алаңында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік инспекциясы комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Жұмағұлов Бектемір Ұлыбекұлы кесте бойынша қоғамдық қабылдауын өткізді.
Қабылдауға келушілер еңбек шарттары, экологиялық төлемдер және зиянды жұмыс орындары бойынша үстемақы алу талаптары жайында кеңестер сұрап, еңбек қатынастарын жетілдіру аясында ұсыныстарын білдірді.
Департамент басшысы тұрғындарға құзыреттілік шегінде заң нормаларын түсіндіріп, ҚР Еңбек Кодексінің талаптарын жеткізді.
Еңбек қатынастары, жұмыс беруші мен жұмысшының міндеттері мен құқықтары айтылып, экологиялық және өзге де үстемақылар алу бойынша кеңес берілді.
Еңбек қатынастарын жетілдіру бойынша айтылған ұсыныстар қаралып, қолданыстағы заңнамаға енгізу жолдары талқыланды.
Қабылдау барысында аталған тақырыптар бойынша жазбаша өтініш білдірсе департамент тарапынан зерделеу нәтижесі бойынша жауап берілетіні хабарланды.
