Kyzylorda-news.kz Сыр елінде еңбегімен елге сыйлы болған, ондаған отбасыны жұмыспен қамтып, тапқан табысының бір бөлігін мұқтаж жанжардың қажетінен аямай, жомарт болмысымен жұртқа жаққан жандар көп-ақ. Солардың бірікәсібімен дараланып, үш бірдей еңбек ұжымының ұйтқысы болып отырған – Нұрсаитов Мұрат Тоқпанұлы. М.Нұрсаитов 1965 жылы 2 сәуірде Қызылорда қаласында дүниеге келген.
Аталары кеңестік кәмпеске мен сүргін заманның қиын кезеңінде қырғыз еліне қоныс аударып, әкесі Тоқпан 1929 жылыҚырғызстанда дүниеге келіпті. 14 жасынан бастап шахтада жұмыс жасап, жастай еңбекпен шыңдалған Тоқпан әке заман ауаны түзелген соң, 1962 жылы атақонысқа қайта көшіп келеді. Қызылордаға келгеннен кейін ағаш шығаратын зауытта, ет өнімдері комбинатында ұзақ жыл жұмыс атқарып, зейнетке шыққан.
Анасы Нүгербек Балажан Мизанқызы 1931 жылы Қырғызстанның Ош облысында дүниеге келген.
Қазіргі Түркістан облысының Темірлан ауданының орта мектебінде, Қызылорда қаласы «Абай» орта мектебінде, онан соң №212, №253 орта мектептерінде 53 жыл бойы ұстаздық қызмет етіп, зейнетке шыққан.
Мұрат Тоқпанұлы еңбек жолын 1982 жылы Қызылорда облыстық ауылшаруашылық басқармасына қарасты арнайы жылжымалы механикаландырылған колоннасында 3-ші дәрежелі құрастырушы болып бастаған.
1983 жылы оқуға түсіп, онан әрі міндетті әскери борышын өтеп оралған.
1986 жылы өзі еңбек жолын бастаған мекемеде 5-ші дәрежелі құрастырушы қызметіне ауыстырылып, сол жылы оқуын өнеркәсіп және азаматтық құрылыс мамандығы бойынша әрі қарай жалғастырады. 1989 жылы Қызылорда политехникумын өнеркәсіп және азаматтық құрылысы, техник-құрылысшы мамандығы бойынша бітірген.1989-1991 жылдары КРУ-1 «Монолитстрой» мекемесінде құрастырушы қызметін атқарған.1991-1994 жылдары «Қызылорда вагон депосында» жұмыс істеді, жолаушылар пойызында жолсерік қызметін атқарды.1994-2002 жылдары Қызылорда филиалы «Жолаушыларға қызмет көрсету дирекциясы», пойыз басшысы қызметін атқарды.1998-2003 жылдары М.Тынышпаев атындағы «Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы» Алматы теміржол көлігі инженерлер институтын инженер-механик мамандығы бойынша бітірген.2002-2006 жылдары «Қала маңындағы тасымалы» филиалы Қызылорда аймақтық телімінің басшысы болды.
2001 жылдан бастап «Абай» шаруа қожалығы ашылып, Нұрсаитов Мұрат Тоқпанұлы қожалық басшысы болып тағайындалды.
Мал шаруашылығын дамытып, жерді игеріп, бақша егуді бастады. Оның ішінде – алма, алмұрт, жүзім, өрік, күріш, жоңышқа және т.б. жеміс-жидектер мен көкөністер егілді.
2002 жылдан бастап 5-6 бас мүйізді ірі қара, 20 бас шамасындай қой, ешкі бағуды бастаған.
Ауқымы кең «Абай» шаруа қожалығының жалпы сипаттамасын білдіре кетсек, ол – жөндеу шеберханасы орналасқан, тракторлар мен ауылшаруашылық машиналарына қызмет көрсетілетін, ауылшаруашылық техникаларын сақтауға арналған қоймасы бар аумақ.
Шаруашылықта ауылшаруашылық дақылдарын өсіруге қажетті егін жинайтын комбайндар, тракторлары мен машиналары бар.
Сонымен қатар, шаруа қожалығында 50 бас сауынды сиыр бар. Сүт өнімдейтін цехта, құрт, ірімшік өнімнің кең ассортиментін шығару арқылы, мекеме әрбір сатып алушының өзі қалайтын нәрсені табу принципін ұстанады.
Жыл сайын «Абай» шаруа қожалығы сүт өнімдерінен бөлек күріш дәнді дақылдарын өндірудің қазіргі заманғы технологиясы бойынша құрамында астық массасын алдын-ала бөлу арқылы қоспалардан күріш-астықты тазартуды қамтиды.
Күріштің дәнді дақылдарын өндіру технологиясы бойынша негізгі құрамды пайдалану дәрежесін арттыру, астықтың негізгі құрамын пайдалану дәрежесі, технологиялық тиімділік, қуат қарқындылығы, өнімділік және процесстің тиімділігі сақталуда.
Бір жыл ішінде «Абай» шаруа қожалығы 72 тоннадан астам ақ қүріш өндіріп, ақтап шығарады. Шаруа қожалығында 38 адам жұмыс жасайды.
Осы жұмыстардың бәрінің басында тұрып, басшылық жасап келе жатқан Мұрат Тоқпанұлы сонау жылдардан бастап бүгінгі күнге дейін елеулі еңбектері үшін салалық басқармалардың, ауыл, қала, облыс әкімінің, көптеген Алғыс хаттары мен Құрмет граммоталарының иесі атанды.
Солардың бірнешеуін атап өтуге болады:
2013 жылы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының басқаруымен өткізілген діни шараларға белсене қатысып, асыл дініміздің өркендеп, көркеюіне және халқымыздың ынтымағы мен бірлігіне аянбай еңбек етіп, қалалық «Ибраhим» мешітіне дәстүрлі дінімізді насихаттауға қосқан зор үлесі облыстың бас имамының Алғыс хатын иеленді. 2014 жылы облыс бойынша «Үздік демеуші» номинациясына лайық болды. 2015 жылы аймағымызда бау-бақша дақылдарын өсіруде аянбай еңбек етіп, облыстық «Қауын-қарбыз» фестивалінде белсенділік танытқаны үшін Қызылорда қаласының әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. 2015 жылдың қазан айында ел байлығын еселеп, көбейту жолында жоғары көрсеткішке қол жеткізгені облыс әкімінің қолынан«Озат бағбан» номинациясын иеленді.
2018 жылы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қызылорда облысы бойынша діни шараларына үздіксіз қолдау көрсеткені үшін ҚМДБ-ның алғыс марапатын алды.
Қызылорда қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына лайықты үлес қосып, өз саласындағы үздік жетістіктері үшін «Ауылшаруашылық саласының үздігі» номинациясын жеңіп алды.Ізгілікті насихаттап, дініміздің өркендеп гүлденуіне қосқан елеулі үлесіне шексіз ризашылығы мен зор ілтипатын білдірген Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас муфти Наурызбай қажы Тағанұлының Алғыс хатын иеленді.
Мұның бәрін мақтан үшін атап-түстеп отырғанымыз жоқ. Мұраттың өзі де атақ үшін емес, абырой үшін еңбек еткенді қалайтын жан. Алайда, оның бәрі сөз жоқ, еңбектің бағасы.
Мұрат басқарып отырған еңбек ұжымдарының елге жасап жатқан игіліктері мен қайырымдылықтары көп-ақ. Әр жылы «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында балалардың мектеп табалдырығын қуанышпен аттауына зор ықпал етіп, материалдық көмек көрсетіп, мейірімділігімен де тынылып келеді.
«Марал-Нұр» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2005жылы құрылды.
2006 жылдан бастап серіктестік жылжымалы құрамды техникалық жөндеу жұмыстарын қолға алды. Қазіргі уақытта республикалық әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын ең тұрақты тасымалдаушылардың бірі болып табылады.
2008 жылдан бастап «Қарағанды-Астана» электропойызын жүргізді.2009 жылдан №307/308 «Жезқазған-Астана» пойызының тұрақты тасымалдаушысы болып бекітілді. Серіктестік директоры болып Әбдікәрімов Жеңісбек Нұртазаұлы табысты жұмыс атқаруда.
2016 жылдың байқау қорытындысына сәйкес, 2017 жылдың қаңтар айынан бастап облысаралық әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалын үш бағыты бойынша: № 107/108 «Жезқазған-Нұр-Сұлтан» пойызы және №117/118 «Қызылорда-Павлодар» пойызы, №611/612 «Қарағанды-Қаражал» тіркемелі вагондары жолаушы тасымалындағы міндеттерді табысты жүзеге асырып келеді. Қазіргі таңда, серіктестіктің меншік иесінде 40 жолаушы вагоны бар және инфрақұрылымдық дамыту жоспары жасалуда, оның ішінде Белкөл телімінде кірме темір жолдары, вагон депосына техникалық қызмет көрсету кешені жұмыс жасап отыр. Серіктестің 250 қызметкер жұмыс атқарады.
Теміржол саласын алып жүріп, Қызылорда қаласының Белкөл телімінде жолаушылар вагонын жөндеу зауытын ірге тасы қалануда.
Мұрат Тоқпанұлы 2015 жылдың қараша айынан бастап жұмыс орнын көбейту мақсатында «Нұр-Жол Алем» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін құрып, жұмыссыз жүрген қаншама жас мамандарды жұмыспен қамтыды. Бүгінде серіктестік директоры болып Бақбергенов Әлібек Тоқтасынұлы жұмыс атқарып келеді.
Серіктестік облысаралық әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалын үш бағыт бойынша жүргізілетін №107/108 «Жезқазған-Нұр-Сұлтан» пойызы, №117/118 «Қызылорда-Павлодар» пойызы және №611/612 «Қарағанды-Қаражал» тіркемелі вагондарға техникалық қызмет көрсету, техникалық жөндеуден өткізу (ТЖ-1, ТЖ-2) қызметін атқарады.
Осы уақыт ішінде серіктестік өзін барлық мәселелерді жедел шешуге қабілетті сенімді іскер серіктес ретінде көрсетті. Серіктестіктің артықшылығы ұсынылатын қызметтердің тартымды құны ғана емес, сонымен қатар олардың сапасымен де ерекшеленеді.
2018 жылы «Нұр-Жол Алем» ЖШС Қазақстан Республикасының кәсіпорындар арасында 1-ші орын көрсеткішіне шығып, (Алтын рейтинг) арнайы сертификатпен марапатталды және «Ұлттық бизнес-рейтингтер одағының» президенті В.В.Гижитский табыстаған «Жылдың көшбасшысы-2018» атағына ие болды.
Бүгінде 90 адам жұмыс атқаратын серіктестіктің директоры болып Бақбергенов Әлібек Тоқтасынұлы қызмет етеді.
Мұрат Тоқпанұлы 2013, 2014, 2015 жылдары Меккеге Үлкен хажылық парызын жасап, 2019 жылы «Умра» кіші хажылығын өтеді.
2013 жылы 21 қазан айында «Нұр-Қазақстан» Қажылық компаниясының президенті А.Әбдіхалықтың табыстауымен «Құрметті қажы» алтын медаліне ие болды.
Ата дініміз Исламның насихатталуына қолдау көрсетіп жүрген Тоқпанұлы Мұрат 2015 жылы Қызылорда қаласы Белкөл кенті бойынша «Қалмұхаммед Ишан» есімімен мешіт салып, қазіргі таңда сол мешіттің медресесінде 30-дан астам бала білім алуда.Бүгінде мешіттің жанынан қазіргі үлгідегі заманауи «Құран-Қари» оқытып шығаратын орталық ғимаратын салуға ниеттеніп отыр. 2017 жылы Қызылорда қаласы Белкөл кенті елді мекенінде, «Абай» шаруа қожалығының аумағында «Абай» демалыс орны ашылды.
«Абай» демалыс орны қаламыздың тұрғындары арасында танымал. Сауықтыру мақсаттары үшін бөлінген біртұтас қала маңы аумағын қамтиды, демалыс орынның жағалауында көл орналасқан. Демалысқа қолайлы және қауіпсіз тәсілдерді ұйымдастырудың қол жетімділігі немесе мүмкіндігі бар, отбасымен демалуға қолайлы орын.
Сонымен қатар, Белкөл кентінде орналасқан №189 орта мектебінде оқу озаттарына және тұрмысы төмен отбасыларға, мүгедек жандарға жыл сайын қаржылай көмек көрсетіп, демеу болып, үздіксіз қолдау көрсетіп келеді.
2017 жылы Мұрат Тоқпанұлының бастамасымен сүт өнімдейтін цех ашылды. Онда құрт, ірімшік, қатық, қаймақ, стерильденген сүт (сиыр сүті, ешкі сүті) өнімнің кең ассортиментін шығару арқылы, мекеме әрбір сатып алушының өзі қалайтын нәрсені табу принципін ұстанып келеді.
Жыл сайын «Абай» шаруа қожалығы сүт өнімдерінен бөлек күріш дәнді дақылдарын өндірудің қазіргі заманғы технологиясы бойынша құрамында астық массасын алдын-ала бөлу арқылы қоспалардан күріш-астықты тазартуды қамтиды. Күріштің дәнді дақылдарын өндіру технологиясы бойынша негізгі құрамды пайдалану дәрежесін арттыру, астықтың негізгі құрамын пайдалану дәрежесі, технологиялық тиімділік, қуат қарқындылығы, өнімділік және процесстің тиімділігі сақталуда.
Жылдар бойы «Абай» шаруа қожалығы, «Марал-Нұр» ЖШС және «Нұр-Жол Алем» ЖШС бірлесіп жұмыс жасайтын ұжымдық, дәлірек айтсақ бір түтіннің жанұялық ісі сипатына ие болған.
Нұрсаитов Мұрат Тоқпанұлының әлі де алға қойған мақсаттары, тындыратын жоспарлары жетерлік. Қандай да болмасын шаруасын алдын ала ойластыра жүретін, мал басын өз төлі есебінен өсіру арқылы өнімдерінің сапасын молайтуды көздейді.
Міне, біздің бүгінгі әңгімемізге арқау болып отырған, жастардың имандылық тәрбиесіне, әлеуметтік-экономикалық дамуымызға, рухани өмірімізге ерекше үлес қосып келе жатқан білікті басшы, бірегей азамат Мұрат Тоқпанұлы туралы аз ғана айтарымыз – осы.
Елшіл, еңбекшіл азамат отбасында ардақты әке, асыл жары Инна екеуі Гүлнар мен Нұргүл есімді екі қыз, Абай мен Марал есімді екі ұл сүйіп, тәрбиелеп отыр.
Біздің қоғамымызда Мұрат секілді мұраты биік, ісі ізгі, ниеті адал азаматтардың арамызда жүргенін кейде байқай бермейміз. Бүгіні берекелі еліміздің ертеңін жарқын қылатын да осындай жандардың жасап жатқан игілігі екенін біз жақсы білеміз.
Р.ДҮЙСЕНҰЛЫ