Kyzylorda-news.kz. Сыр өңірі күрішті мекен болғандықтан өз несібесін сыр маржанынан тауып отырған қарапайым еңбек адамы өте көп. Солардың бірі – сырдариялық Дархан Олинов 15 жылдан аса «Мағжан и К» ЖШС механизатор болып еңбек етіп келеді. Биыл ол  үздік механизатор атанып, құрмет төрінен көрінді. Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Дархан Олинов БАҚ өкілдеріне өзінің жұмысы туралы баяндады.

«Өзім бала кезден бері ауыл шаруашылығы саласында қызмет етіп келемін. Ала жаздай егістіктің басында күрішпен айналысып, осы арқылы отбасымды асырап отырмын. Өңірдегі су тапшылығы біраз шаруаға қиындық келтіргені рас. Соған қарамастан биыл 4,5 мың гектарға күріш егіп, аудандар бойынша алдыңғы қатардан көріндік. Біздің шаруашылықта 70-ке жуық механизатор бар. Биыл солардың ішінен еңбегімді бағалап, жақында өткен Сыр диқаншыларының мерекесінде аймақ басшысы автокөліктің кілтін табыстады. Бұл әрине қарапайым еңбек адамдарын ерекше бағалауы һәм құрметтеуі деп білемін. Әр салада көптеген мамандар қызмет етуі мүмкін. Дегенмен, өз саласының білікті маманы болу нағыз өнер деп білемін», - деді «Мағжан и К» ЖШС-нің механизаторы Дархан Олинов.

312381862_1656880418040797_7865341112240835978_n.jpg

 

Тағы да оқыңыз: