Kyzylorda-news.kz Жалпы практика дәрігерлерінің өкілеттігін кеңейтіп, бұл жүйені қаржыландыру көлемін кезең-кезеңімен ұлғайту маңызды. Бұл туралы Қазақстан халқына Жолдауын жариялау кезінде Президент Қасым-Жомарт мәлім етті, – деп хабарлайды Қазақпарат.

—  Сонымен қатар біз жалақының ең төменгі мөлшерін кезең-кезеңімен көбейте береміз. Мен Үкіметке ең төменгі жалақы мөлшерін 85 мыңнан 110 мың теңгеге дейін көтеруді тапсырамын, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің айтуынша, осы міндет келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап іске асырылуға тиіс. 

— Бұл 1,8 миллион адамның, соның ішінде бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің табысын арттыруға ықпал етеді, — деді Мемлекет басшысы.

Сурет: freepik.com

Тағы да оқыңыз: