Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов жөндеу науқанының уақтылы аяқталуын және энергетикалық инфрақұрылымды жаңғыртуға бөлінген қаражаттың тиімді игерілуін қамтамасыз етуді тапсырды.

«Мемлекет басшысы энергетика мен коммуналдық инфрақұрылымның стратегиялық маңызын,  сондай-ақ еліміздің энергетикалық  және инфрақұрылымдық негізін нығайту қажеттігін  әрдайым атап өтуде. Аталған мақсаттарға  жыл сайын ауқымды қаражат бөлінеді. Биылдың өзінде  энергия нысандарын жөндеуге  және жаңғыртуға 851 млрд теңге көзделген. Бұл  өткен жылмен салыстырғанда 60%-ға артық. Оның ішінде «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы аясында  биыл шамамен 384 млрд теңге бөлінді. Бұл 2025 жылғы жөндеу науқаны аясында бөлінген қаражаттан 15%-ға көп. Осындай көлемдегі қаржыландыру жағдайында  жөндеу мерзімдерін ауыстыруға,  жұмыс қарқынын бәсеңдетуге  және бөлінген қаражаттың игерілмеуіне жол беруге болмайды», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Сурет: gov.kz

Тағы да оқыңыз: