Kyzylorda-news.kz ҚР Парламенті Сенатының депутаттары, «AMANAT» партиясының мүшелері Наурызбай Байқадамов пен Руслан Рүстемов және партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов жұмыс сапарымен Сырдария ауданында болып, Қалжан ахун елді мекеніндегі электр желілерінің қайта жаңғырту жұмыстарымен танысты.
Аудан әкімі Берік Сәрменбаев Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ең алдымен халыққа қажетті инфрақұрылымдық жұмыстарды атқаруды тапсырғанын атап көрсетті. Осыған орай, аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың қолдауымен елді мекендерде электр желілері қайта жаңғыртудан өтіп жатқанын жеткізді.
Қалжан Ахун елді мекенінде атқарылып жатқан жұмыстар туралы тиісті сала басшылары мен мердігер компания өкілдері ақпарат берді.
Жалпы құны 490,5 млн. теңгені құрайтын «Қызылорда облысы Сырдария ауданы Қалжан ахун елді мекенін электрмен жабдықтау» жұмыс жобасын жүзеге асыруға 2024 жылы республикалық бюджеттен 57,3 млн. теңге қаржы бөлініп, 119 дана бір бағаналы электр бағаналары және бір тірегі бар бір бағаналы 26 дана, екі тірегі бар бір бағаналы 4 дана және ВЛ-10/0,4 кВ–2,3 шақырым электр желісі орнатылған. 2025 жылға республикалық бюджеттен 280,0 млн. теңге қаржы бөлініп, 142 дана бір бағаналы электр бағаналары және бір тірегі бар бір бағаналы 32 дана, екі тірегі бар бір бағаналы 1 дана орнатылып, жері тегістеліп бетон блоктары бар 3 дана КТПН қойылған.
Өткен жылы елді мекенде 150 электр бағаналары мен 2,3 шақырым электр желісі орнатылса, биыл тағы 200-ге жуық электр бағаналары орнатылу жұмыстары жүргізілуде. Электр жабдықтау құрылысы жұмыстарын мердігер мекеме «Қызылорда электр тарату торабтары компаниясы» АҚ жүргізуде.