Kyzylorda-news.kz Сырдария ауданы бойынша аудандық КРЭК базасында электр энергетикасы саласы қызметкерлерінің қатысуымен Конституциялық реформаларды талқылауға арналған жиын өтті. Іс-шараға мекеме басшылығы, инженерлік-техникалық қызметкерлер мен сала мамандары қатысты.
Кездесу барысында Конституцияға енгізіліп жатқан өзгерістердің ел экономикасын дамытудағы маңызы, стратегиялық инфрақұрылым нысандарының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды күшейту мәселелері кеңінен сөз болды. Сондай-ақ энергетика саласындағы жауапкершілікті арттыру, қызмет көрсету сапасын жақсарту және халықты электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз ету бағыттары талқыланды.
Жиынға қатысушылар реформалар аясында заң үстемдігін нығайту, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру және коммуналдық қызмет көрсету саласындағы ашықтықты қамтамасыз етуге бағытталған нормаларға ерекше назар аударды.
Талқылау барысында КРЭК қызметкерлері Конституциялық реформалардың инфрақұрылым саласын дамытуға, мекеме жұмысының сапасын арттыруға және тұтынушылармен сенімді қарым-қатынасты нығайтуға оң ықпал ететінін атап өтті.
Кездесу қорытындысында аудандық КРЭК ұжымы ұсынылып отырған Конституциялық реформаларды қолдайтынын білдіріп, тұрғындарды сапалы әрі тұрақты электр энергиясымен қамтамасыз ету бағытындағы жұмысты жауапкершілікпен жалғастыра беретіндерін жеткізді.
