Kyzylorda-news.kz Елімізде штелдік маркетплейстерге талап күшеймек. Бұл туралы Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Сонымен қатар жаңа Салық кодексінде маркетплейстер арқылы сауда жасайтын тұлғалар жайлы деректер ашық көрсетіледі. Осы арқылы салық органдары кәсіпкерлердің қызметін қадағалап, есеп жүргізуді жеңілдетеді.
Шетелдік маркетплейстерге де талап күшеймек. Егер олар Қазақстанда шартты тіркеуден өтпесе, бұғатталады. Бұл норма да жаңа кодекске енгізіліп отыр.
Біржановтың айтуынша, 2024 жылдың 31 желтоқсанына дейін салық төлеушілердің қай режимде жұмыс істейтіні толық анықталып, үкімет қаулысымен бекітіледі.
Қазіргі уақытта жеңілдетілген режимде – арнайы салық тәртібімен – жұмыс істеп жүргендердің басым бөлігі бұрынғыша сол тәртіпте қалады. Егер кімде-кім тыйым салынған қызмет түрлеріне кіретін болса (мысалы, лицензия немесе рұқсат талап етілетін қауіпті өнімдермен жұмыс істейтіндер), олар ҚҚС есептейтін тәртіпке көшеді, – деді вице-министр Мәжілістегі Қоғамдық палата отырысында.
Фото: freepik.com
https://kaz.inform.kz/news/ozon-wildberries-siyakti-marketpleystermen-sauda-zhasaytindar-nen-blu-kerek-99e43b/