Kyzylorda-news.kz. Британдық Суррея университетінің ғалымдары адамның саусақ іздері бойынша нашақорларды анықтауға болатын тәсілді ойлап тапты. Ол бойынша адам есірткі қабылдайты болса, оны бұл тәсіл арқылы тез анықтауға болады екен, деп хабарлайды Stan.kz. 

Зерттеушілердің айтуынша, есірткінің іздері нашақор қолын қанша жуса да кетпейтін көрінеді. Олар саусақ іздеріне терең еніп, сонда қалып қояды екен. Ғалымдар дәл сол іздерді арнайы сияның көмегімен  зерттеу жүргізу арқылы анықтапты. 

Сөздерінше, есірткінің іздері нашақордың қолын ұстаған есірткі қабылдаймайтын адамдардың саусақ іздерінде қалып қоюы мүмкін екен.

Тағы да оқыңыз: