Kyzylorda-news.kz  2025 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысындағы көпбалалы аналар автобуста тегін жүреді, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ustinka.kz-ке сілтеме жасап.

Қазір өңір бойынша мұндай мүмкіндікке аз қамтылған отбасылардан шыққан 5 312 бала ие. Бұған 178,1 миллион теңге қаржы бөлінген.

Келер жылы облыста жәрдемақы алушылардың тізімін кеңейту жоспарланған.

«Енді келесі жылдан бастап «Алтын алқа», «Күміс алқа», «Батыр ана», I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы аналар үшін қалааралық және ауданаралық қоғамдық көліктер тегін болады. Оған қажет қаражат жергілікті бюджеттен бөлінеді», – деді ШҚО жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқарма басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Қуаныш Акрамов.

Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Тағы да оқыңыз: