Kyzylorda-news.kz. Instagram қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында аккаунт ашу кезінде қолданушының жасын сұрайтын болады, – деп хабарлайды РИА Новости.

Бұл туралы Instagram желісінің ресми хабарламасында айтылған. “Бүгіннен бастап біз Instagram желісінде аккаунт ашатын адамдардан туған күнін сұрайтын боламыз”, – делінген хабарламада.
Бұл мәлімет басқа қолданушыларға көрінбейді, тек Instagram желісін жетілдіру мақсатында пайдаланылады. Сондай-ақ, Instagram желісінің жаңа талабында қолданушы өзіне хабарлама жіберетіндер тізімін реттей алады. “Осы жаңажылдықты қолданған адамдар өздері жазылмаған адамның историясы мен жазған хабарламаларын көрмейтін болады”, – делінген хабарламада.
Instagram – әлеуметтік желі элементтері бары сурет және видео алмасуға арналған қосымша. Facebook компаниясына тиесілі.

Тағы да оқыңыз: