Kyzylorda-news.kz  Себебі «Болашақ» бағдарламасының ақпараттық жүйесі мен шекара қызметінің «Бүркіт» атты базасы ұштастырылды. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты деп хабарлайды  atamekenbusiness_qaz телеграм арнасы.

«Болашақпен» оқыған бүкіл стипендия иегерлеріне бұл талаптар сақталады. Олардың тізімін шекара қызметіне береміз. Шекараға кіргенде не шыққанда бізге бірден сигнал түседі. Бүкіл стипендия иегерлеріне ашық ескертіп қояйын. Біліп жүрсін. Енді біз кім шықты, кім келді, кім қайтқан жоқ – бәрін біліп отырамыз», – деді министр.

Сөзінше, шетелде оқып, борышын өтемей жүрген 200-300-дей адам айқындалды. Осы уақытқа дейін түлектер түрлі қулыққа барған, деді Саясат Нұрбек.

«Түлектер ауылдық жерлерге барады. Себебі ауылдарда жұмыс өтілі – бес жыл емес, үш жыл. Ауылдық жерлердегі бір мекемеде тіркеледі, алайда өзі қалада жұмыс істейді. Енді біз тек қана бірінші жұмысында тіркелген салықтарды ғана қабылдайтын болдық», – деді министр.

Фото: видео скриншот

Тағы да оқыңыз: