Kyzylorda-news.kz Облыстық мәслихат депутаты, партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Жұмабек Ембергенов, "AMANAT" партиясы Сырдария аудандық филиалының атқарушы хатшысы, фракция жетекшісі Ақтөре Ибрагимұлы Сырдария аудандық емханасында болып, емханаға қарасты аумақ тұрғындардың қажетті дәрі-дәрмектермен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етілуіне және олардың жабдықталуына  партиялық мониторинг  жүргізді.

Мониторинг барысында  сала маманына дәрі-дәрмектерді үйге алдырту мүмкіндіктері, тегін дәрі-дермектерді алу заңдылықтары және дәрілердің түрлері мен сақтау мерзімдеріне қатысты сұрақтар қойылды.

Сырдария аудандық ауруханасының бас дәрігері Жанар Жұмабаева тұтынушылар  eGov mobile  мобильді қолданбасындағы e-Densaulyq сервисі арқылы QR-код көрсетіп, дәрі-дәрмекті ала алатындығын айтады.

«Бұл сервис пациенттерге дәрі-дәрмекті қағаз құжатын көрсетпей-ақ, рецепті бойынша алуға мүмкіндік береді. Яғни, науқастың  сәйкестендіру QR коды арқылы жүзеге асырылады және медициналық көмектің ашықтығын қамтамасыз етіп, жалған позитив жағдайларды азайтады. Сонымен бірге дәріханалар үшін рецепттерді тезірек және дәлірек өңдеуге, тұтынушыларға қызмет көрсету сапасына оң әсер етеді, олардың  күту уақытын қысқартады»,-дейді Жанар Жұмабаева.

Мониторинг барысында аудандық емханада қажетті дәрі – дәрмектердің жеткілікті және талапқа сай сақталып жабдықталуы анықталды.

Тағы да оқыңыз: