Kyzylorda-news.kz.3 қалалық емханада мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған шара өтті.

Биыл – Балалар жылы деп жарияланғаны белгілі. Осы орайда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Балаларға ерекше назар аудару керек. Себебі, олардың амандығы – мемлекетіміздің жарқын болашағының сенімді кепілі» деп атап өткен болатын. 

№3 қалалық емханада Балалар жылы аясында өткен шара мүмкіндігі шектеулі балғындарға арналды. Емхананың психолог мамандары мен әлеуметтік қызметкерлері жеткіншектерге қуаныш сыйлау мақсатында мерекелік кеш ұйымдастырды. Шара барысында ата-аналармен психологиялық тренингтік ойындар өткізілді. Ал балаларға тәттілерге толы қораптар сыйға тартылды. Ән мен жырдан шашу шашылып, көпшілікке ерекше көңіл-күй сыйлаған кештен жиналғандар жақсы әсер алды. Бағдарлама шығармашыл өрендерге шабыт сыйлады. Сурет салуға құмар балақайлар өз өнерлерін ортаға салды. 

Мейірімділік - адам бойындағы игі қасиеттердің бірі. Mейірімділік – адам бойындағы шынайылық пен сүйіспеншіліктен туындайтын жүрек мейірбандығы. Бұл күні емхана психологтары мен әлеуметтік қызметкерлері балалаларға жүрек жылылығы мен ізгі ниетін, лебізін сыйлады.

316669793_1322095915293418_4589969486704246322_n.jpg

Тағы да оқыңыз: