maslihat_sailauy

Kyzylorda-news.kz. Үкімет Елорда күніне орай демалыс күнін ауыстыру туралы қаулы қабылдады, - деп хабарлайдыҮкіметтің баспасөз қызметі. 

Жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында 2023 жылғы 1 шілде, сенбідегі демалыс күні 7 шілдеге, жұма күніне ауыстырылды. ҚР Үкіметі тиісті Қаулы қабылдады.

Осылайша, бес күндік жұмыс аптасында қазақстандықтар 2023 жылы Астана күніне 6, 7, 8 және 9 шілдеде, яғни төрт күн қатарынан демалады.

Сенбі, 1 шілдеде жұмыс күні болады.

Демалыс күнін ауыстыру жұмыс істейтін қазақстандықтар үшін мереке күндері уақыттарын алдын ала жоспарлауға мүмкіндік береді.

 

Тағы да оқыңыз: