Tauelsizdik

Kyzylorda-news.kz. Елорда күнінің барлық іс-шаралары онлайн режимде өтеді, Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайты.

Эпидемиологиялық ахуалға байланысты бұған дейін Елорда күніне жоспарланған барлық іс-шаралар тоқтатылды. Шаралар тек онлайн режимде өтеді.

Мысалы “Домбыра күні” шарасын тұрғындар Қазақстан телеарнасынан онлайн режимде тамашалай алады. Іс-шаралардың көпшілігі әлеуметтік сипатта болады – ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған реабилитациялық орталық, жұмыссыз әйелдерге ШОБ негіздерін үйрететін “Кәсіпкер ана” әлеуметтік орталығы, Жағалау ауданында жедел жәрдем стансасы мен “Доктор у дома” медицина орталығы және басқа да әлеуметтік нысандардың ашылуы болады.

Шараларға қатысатын адамдар саны шектелген. Сонымен қатар үй кезегіндегілер мен үлескерлерге пәтер кілттері тапсырылады – қатысушылар саны шектеулі және санитарлық нормалар қатаң сақталады: маска тағып, әлеуметтік қашықтық сақтау керек.

Тағы да оқыңыз: