Kyzylorda-news.kz  Барлығымызды елімізде болып жатқан соңғы оқиғалар алаңдатуда. Су тасқыны еліміздің бірнеше аймағын басып, халық сергелдеңге түсуде. Осындай сынақтан бірінші Алланың, екінші жомарт халық пен Мемлекет басшысының сарабдал саясаты нұсқаулығы арқылы шығатынымыз белгілі.

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бірқатар облысындағы су тасқыны салдарынан қалыптасқан күрделі жағдайға байланысты Қазақстан халқына үндеу жасаған болатын. Тасқынға байланысты еліміздің он аймағында төтенше жағдай жарияланды. Яғни Абай, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында.

Су тасқынымен күресуге Төтенше жағдайлар министрлігінің барлық ресурсы тартылды. Сондай-ақ құтқару жұмыстарына Ішкі істер министрлігі, Ұлттық ұлан, Қарулы Күштер және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мамандары белсене атсалысып жатыр. Зардап шеккен аймақтардың әкімдіктері күндіз-түні жұмыс істеуде. Ондаған мың волонтерлер де көмектесіп жүр.

Үкімет басшысы Олжас Бектенов тасқын қайтадан күшеюі мүмкін екенін ескертті. Әсіресе, солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде оның жаңа кезеңі басталады деп айтқан еді.Мәжіліс депутаттар зардап шеккен шаруалардың ауыл шаруашылығы мақсатында алған несиелерін төлеуді 3 жылға дейін шегеруді ұсынған болатын.

Қазақ ұлты тарихында көптеген қиындықты бастан кешірді, қырғыннан қырғынға, босқыннан босқынға ұшырап, талай азапты көрді. Дегенмен, “тәуелсіздік” деген қасиетті ұғымды иеленген қазіргі бейбіт заманда орын алған су сынағынан халық болып Мемлекет басшысының қолдауымен аман-есен өтеміз деген сенімім мол. Аман болайық!

Эльмира Нұрмағанбетова,

Қазалы аудандық мәслихат депутаты

Тағы да оқыңыз: