Kyzylorda-news.kz. Еліміздің әр аймағында карантин режимі қашан аяқталатыны белгілі болды. Бұл туралы coronavirus2020_kz Telegram парақшасында жарияланды.

Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласында карантин режимі 25 мамырға дейін ұзартылған.

Ал Қызылорда, Алматы, Ақтөбе, Павлодар, Қостанай облыстары мен Алматы, Нұр-Сұлтан қаласында эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанша карантин режимі сақтала береді.

Сондай-ақ, Ақмола, Қарағанды, Жамбыл облыстарында карантин эпидемиологиялық жағдайға байланысты біртіндеп алынады.

Солтүстік Қазақстан облысында карантин ерекше шарттармен ұзартылса, Шығыс Қазақстан облысында 1 маусымға дейін созылады.

Тағы да оқыңыз: