Президент: Елімізде төтенше жағдай мерзімі 11 мамырда аяқталады – Kyzylorda News
Басты бет

Президент: Елімізде төтенше жағдай мерзімі 11 мамырда аяқталады

27.04.2020, 11:05

1926 0

Kyzylorda-news.kz. Елімізде төтенше жағдай мерзімі 11 мамырға дейін ұзартылады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің мәлімдемесінде айтты.

«Еліміздегі қазіргі ахуалға байланысты және Мемлекеттік комиссияның ұсыныстарын негізге алып, мен Төтенше жағдай режимін биылғы 11 мамырға дейін ұзарту туралы Жарлық шығару жөнінде шешім қабылдадым. Бұл – біз бастан өткеріп жатқан күрделі кезеңнің талабы. Заңға сәйкес 11 мамырда Төтенше жағдай режимі аяқталады«, – деді ҚР Президенті өзінің мәлімдесінде.