Kyzylorda-news.kz. Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы бір адам анықталды.
«Коронавирус індетін жұқтырған тағы 1 адам Нұр-Сұлтан қаласында тіркелді», – деді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен.
17 наурыз, сағат 19.00-дегі жағдай бойынша, Алматы қаласында – 15 адам, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 18 адам, жалпы 33 науқас тіркелді.
Бұған дейін елімізде осы індетке 32 науқас шалдығып, аталған инфекцияны жұқтырғандар емделіп жатқан Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары карантинге жабылғанын хабарлаған болатынбыз.