Kyzylorda-news.kz. Қазақстандағы бас санитар дәрігердің өкілеттігі кеңейтіледі. Бұл туралы санитарлық-эпидемиологиялық қызметті жетілдіру және COVID-19-бен күресу шараларын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы отырысында айтылды.

Отырысқа денсаулық сақтау Елжан Біртанов қатысты.

“Бас санитар дәрігер қаулы шығарып елдің барша аумағында шектеу шараларын енгізе алатын болады”, – деп хабарлады министрлік.

Енді бұл үшін нормативтік-құқықтық актіні мемлекеттік тіркеуден өткізу міндетті болмайды. 

“Қазіргі уақытта бұл қиындық тудырып отыр. Өйткені өзгеріс аптасына бір рет енгізіледі. Ал тіркеу процесі ұзақ уақытты талап етеді”, – деді ведомствода.

Бас санитар дәрігер мемлекеттік шекара арқылы кіріп-шығуға шектеу енгізу құқығына ие болады.

Сондай-ақ, карантин аймақтарын бекіту, инфекция таралуынан қорғау аймақтарындағы эпидемияға қарсы шараларды толықтай үйлестіре алады.

Тағы да оқыңыз: