Kyzylorda-news.kz. Қазгидромет алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады.
Синоптиктердің болжамынша, оңтүстік-батыстан жылжып келген тропосфералық ауа ағыны Қазақстанда Қара теңіз циклонымен араласуына байланысты күн күрт жылынып, жаңбыр, қар аралас жаңбыр жауады, көктайғақ болып, оңтүстік-батыстан қатты жел соғуы мүмкін.
Түнде ғана емес, күндіз де
ауа температурасы минус 6… плюс 5 градус аралағында болады деп күтіледі.
Осындай жоғары температура мен жауын-шашынның салдарынан төтенше жағдай қаупі
туындап, жолдарда көктайғақ болып, тұман түседі. Оңтүстік және оңтүстік-шығыста
оңтүстік циклонмен бірге жауын-шашын, жаңбыр, жаңбыр аралас қар жауады, ауа
температурасы күндіз + 5… 10°С, ал оңтүстікте + 12… 18°С дейін көтеріледі.
Алдағы үш күн ішінде ауа температурасы климаттық нормадан 8… 16°С жоғары
болады.