Kyzylorda-news.kz. Мемлекеттен атаулы әлеуметтік көмекті алуға ниеттілердің жиынтық кірісін есептеу қағидалары өзгертіліп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Енді өнімді сатудан, тауарлық-материалдық құндылықтарды, мүлікті сатқаннан түскен кірістен бөлек, кәсіпкерлік қызметтен алынған табыс та есептелмек. Айлық кіріс салық аударымдарына байланысты саналады. Яғни декларациялаған таза табысы айларға бөлінеді.

Егер орташа сома 25 АЕК, яғни 92 300 теңгеден төмен болса, осы сома отбасының жиынтық кірісі болып көрсетіледі.

Сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау ережелері де өзгертіліп отыр. Соған сәйкес, мансап орталығы не әкім өтініш беруші жайлы мәліметтерді "электронды үкімет" порталынан сұрата алады. Платформада өтініш берушінің жеке куәлігі, босқын, қандас мәртебесі және шетел азаматы екенін растайтын құжат қолжетімді.

Келесі бір түзету "кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырушының мәртебесі" деп аталады. Бұрын бұл тармақ тек жеке кәсіпкерлікке қатысты еді. Бұдан бөлек "іздестіру есебіндегі адамның мәртебесі" жайлы ақпараттың жаңа түрі қосылып отыр.

Фото: Stan.kz

Тағы да оқыңыз: