Kyzylorda-news.kz «Мен үшін ауылымның әр бұрышы қымбат. Туған жерімнің топырағынан қасиетті мекен жоқ. Өзбек ұлтының өкілі болсам да әр қазақ – менің жалғызым. Өмірге қайта келсем, тағы да осы Төменарықтың тұрғыны болуды қалар едім», – деп бастады әңгімесін бүгінгі кейіпкеріміз Отабек Рысбайұлы.
Жанары жалындаған жастың өскен өлкеге деген махаббаты ерек. Ол Төменарық ауылында туып-өсіп, Ақтөбе қаласындағы Құдайберген Жұбанов атындағы өңірлік мемлекеттік университеттің «физика пәнінің мұғалімі» мамандығын үздік бітіріп, оқу ордасында қызметке қалу мүмкіндігі болса да, туған жерге қызмет жасауды өзіне міндет санап, ауылына қайта оралған. Өзінің алған білімін ауыл жастар бойына сіңіруді перзенттік мұратым деп түйіпті.
– Елден жыраққа кетіп түсінгенім, қандай әсем қала болса да кіндік қаның тамған жеріңе жетпейді екен. Ауылдың аурасы бөлек. Барлығы бір-бірімен бауыр, ағайын болып кеткен. Ауылда өзіңді дамытуға, ізденуге, білгеніңді шәкірттерге үйретуге уақыт жетеді, мүмкіндік мол. Өзіңнің өскен жеріңе қызмет қылғаннан артық бақыт жоқ,- дейді жас ұстаз.
Жоғарғы оқу орнын үздік бітіріп келісімен Төменарықтағы №53 А.Ро¬манов атындағы орта мектепке мұғалім болып орналасқан ол, өзінің еңбекқорлығы мен табандылығының арқасында мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалып, бүгінде оқу ошағының дамуы жолында аянбай еңбек етіп, шәкірт тәрбиелеп жүр.
– Мамандықтың жаманы жоқ. Бастысы өз ісіңізге деген сүйіспеншілік болу керек. Жүрегіңізбен қалаған жұмыстан ешқашан жалықпайсыз. Мен ұстаз болуды бала күннен армандадым. Формуламен жұмыс жасаған ұнағандықтан физика пәнін таңдадым. Қазір бала арманым ақиқатқа айналып, оқушыларға бар күшімді салып білім беріп жүрмін. Басты мақсат – өзім оқытқан оқушыны белгілі бір жетістікке жеткізу. Қазір оқушалардың қызығушылығын бір кітаппен немесе құр сөзбен оята алмайсың. Міндетті түрде қосалқы құралдар мен лабораториялық эксперименттер жасату керек. Сонымен қоса, әр баланы сөйлете білген абзал. Егер бала ұстаздың алдында өзін еркін ұстаса одан нәтиже шығаруға болады. Ал, бала өзін ашып көрсетпесе, сізбен еркін қарым-қатынаста болмаса ол оқушыдан нәтиже шығуы екіталай, - дейді ол.
Өзі жас болса да шәкірт тәрбиелеп, олардың болашағына алаңдайтын ұстаздың да жеткен жетістіктері аз емес. Өзі сабақ берген оқушылардың алдыңғы буыны мектеп бітіріп, жоғарғы оқу орындарының грант иегерлері атанған. Мәселен, Тамерлан Абдуллади физика пәнін жақсы меңгеріп, Алматы қаласындағы жоғарғы оқу орнының грантын жеңіп алса, Оңғарбек Әбутәліп Астана қаласында, Мұстафа Жұмағали Алматыда энергетика саласының грант иегерлері.
– Елімізде әрқашан бірлік болсын. Мемлекетіміздің көк байрағы ешқашан төмен түспесін, көк аспанда қалықтай берсін. Мен бауырмалдық пен кішіпейілділікті, қонақжайлықты қазақ халқынан үйрендім. Осы жерде өсіп-өнгеніме разымын. Ұлтым өзбек болғанымен жүрегім қазақ, жаным қазақ. Барша қазақстандықтарды 1-мамыр бірлік күнімен құттықтаймын, – дейді Отабек Каюмджан.
«Бұл жігіттерді бала күнінен білемін. Мен осы ауылда он жыл учаскелік инспектор болдым, Сол кездері әсіресе жасөспірімдерді қадағалауыма алып жүремін ғой. Екеуі үнемі ересектерше тентек пен теліні тыйып, ақылдарын ай-тып, араздасқанды татуластырып жүруге тырысатын тәртіптілімен ерекшеленетін» дейді ол.
Енді міне, екеуі де орта мектептен соң Ақтөбе қаласындағы Құдайберген Жұбаноа атындағы өңірлік мемлекеттік университетке бірге оқуға түсім, мамандық алып, туған жерлеріне оралып, өздері оқыған алтын ұы мектептеріне келіп ұстаздық етуде.
– Біздің атамыз бұл өңірге алғаш станция бастығы болып келген екен, – дейді Отабек Каюмжан бізбен әңгімесінде. Әкем Рысбай да сол кісінің жолымен теміржолшы. Ал анам үй шаруасында. Отбасында 4 баламыз. Ағам Қостанай облысы Жетіқара ауданында дәрігер. Екі қарындасым бар. Мектепте физика пәнінен сабақ беріп келемін» дейді. Ал екінші ұстаз жігітіміз – Александр Викторович Ногай мектепте биология пәнінен сабақ беріп келеді.
Кәріс жігіттің қазақшасы бізді жаңылдыратындай. Тілді қалай жетік үйрендің? деген сауалымызға: «Біз қазақ балаларымен бірге ойнап, бірге шомылып, балық аулап, бірге жарапазан айтып өскен жоқпыз ба» деп жауап берді ол күліп. Дұрыс айтады. Мұндағы өзге ұлт өкілдерінің дәстүр-салтының жергілікті ағайынмен кірігіп кеткені сондай, ас-ауқатын да ажырату қиын. Ет асып, бауырсақ пісірмесе жегендері бойына сіңбейтіндей.
Бір-бірінің ұлттық үрдістеріне де құрметпен қарайды. Бәрінен де бұрын татулықтары темірдей мықты.Бізді сүйсіндіргені осы.
Иә, бүгінгі кейіпкеріміздің жас та болса, бас болып бала тәрбиелеуге қосқан үлесі бір төбе. Ал, туған жер¬ге деген адалдығы мен сүйіспеншілігі қатарластарына үлгі болары сөзсіз.
