Kyzylorda-news.kz "Қазгидромет" 29-31 наурыз аралығындағы ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері кең антициклон солтүстік, шығыс және орталық өңірлерге әсерін сақтайды, бұл аймақтарда ашық, күн шуақты ауа райы күтіледі.
Батыс пен оңтүстікте атмосфералық фронттардың әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталады. Жаңбыр жауады, ал оңтүстіктің және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жаңбыр аралас қар күтіледі. Сонымен қатар, тұман, желдің күшеюі болжанып отыр. Елдің оңтүстік-батысында шаңды дауыл болуы мүмкін, – деп хабарлады синоптиктер.
Қазақстандағы ауа температурасы:
Батыс өңірлерде: түнде -3...+5°С-тен +5...+15°С-қа дейін жылынады, күндіз +10...+18°С-тен +12...+25°С-қа дейін көтеріледі.
Солтүстік-батыста: түнде -5...+5°С-тен +1...+8°С-қа дейін жылы, күндіз +10...+16°С-тен +10...+20°С-қа дейін жетеді.
Солтүстікте: түнде -6...+3°С, күндіз +7...+15°С.
Орталықта: түнде -1...-9°С-тен -5...+2°С-қа дейін көтерілсе, күндіз +4...+12°С-тен +7...+15°С-қа дейін жылынады.
Шығыста: түнде -2...-15°С, күндіз +5...+15°С-тен +10...+18°С-қа дейін көтеріледі.
Оңтүстікте: түнде 0...+5°С, күндіз +12...+18°С-тен +17...+22°С-қа дейін жылынады.
Оңтүстік-шығыста: түнде -10...+3°С, күндіз +7...+15°С-тен +12...+22°С-қа дейін көтеріледі.
Фото: freepik.com